Біз туралы

Балабақша ғимараты 1 қабатты ыңғайластырылған типтік жобада салынған. Балабақша 130 орындық 5топ жұмыс жасайды. Әр топ 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00 – бастап18.30 сағатқа дейін. Бес топ жұмыс жасайды. «Бөбектер» ерте жас тобы, «Балапан» кіші тобы, «Ботақан» ортанғы тобы, «Күншуақ» ересек тобы, «Балдәурен» МАД тобы. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, медкабинет, асхан жұмыс жасайды. Материалдық- техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт -дабылы түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал – сайман жабдықтармен жабдықталған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек қоршаулармен бөлініп балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көленкелі ойын алаңдары қойылған гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдармен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

  • Меңгеруші кабинеті;
  • Әдістемелік кабинет;
  • Теледидар – 4дана
  • Компьютер – 1 дана
  • Ноутбук – 5дана
  • Түсті принтер–2 дана

Ата – аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», кітаптар сөресі, «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша дамытушы орталықтар жасақталған.